Орта мектепті бітірген түлектер ағымдағы жылы СКУ колледжіне ҰБТ-ның сертификатына сәйкес балмен түсе алады (3 пәнен, яғни орыс және қазақ тілі, Қазақстан тарихы, профильді пәндерінен 30 балдан төмен емес) және таңдаған мамандыққа профильный пәнің сәйкес болуы керек (мамандықтардың паспорттарында жақшада көрсетілген).
2) ҰБТ-ні тапсырмаған былтырғы жылы бітірген түлектер түсе ала ма?
Былтырғы жылы бітірген және ҰБТ-ы сертификаты жоқ оқушылар 3 пәннен: орыс (қазақ) тілі, Қазақстан тарихы және профильді пәннен (мамандықтардың паспорттарында жақшада көрсетілген) кешенді түрде емтихан тапсырады. Әрбір пәнен 30 сұрақтан, тестілеу сұрақтарының жалпы көлемі 90 сұрақ. Өту балы – 35 балл.
3) 9 сыныптан кейін қалай колледжіге түсуге болады?
9 сыныптан кейін оқуға түсу үшін 2 пәнен емтихан тапсырылады. Міндетті түрде орыс (қазақ) тілі тапсырылады. Екіншісі емтихан таңдаған мамандыққа байланысты, ол жақшада мамандыққа көрсетілген. Әрбір пәнен 30 сұрақтан, тестілеу сұрақтарының жалпы көлемі 60 сұрақ. Өту балы –25 балл.
4) Оқуға ақы қалай төленеді?
Оқуға төлемақы ай сайын төленеді. Бүгінгі күні осы аймақта колледжімізде ең төмен төлемақы.
СКУ колледжінің түлектері ҚР-ның басқа да колледждерінің түлектері сияқты Қазақстанның жоғары оқу орындарына негізгі кешенді тестілеуден кейін түсуге құқықтары бар.
6) Колледж түлектері қандай диплом алады?
Колледж түлектері білім деңгейлеріне жеткен лайықты мемелекеттік нұсқадағы диплом алады
7) Колледж қай жылы аттестация өтті?
2005 және 2010 жылы желтоқсанда колледж білімдік қызметке мемлекеттік аттестациялдаудан өтті.
8) Колледж компьютерлік класстармен қалай жабдықталған?
Оқу процесінде колледжда үш компьютерлік класта 65 компьютер және электронды кітапхана жұмыс істейді. Барлық компьютерлер ортақ жергілікті торға қосылған. Сабақ барысында интерактивті құралдар қолданылады.
9). Колледжда кітапхана бар ма?
Колледжімізде он бес мыңнан астам қазіргі басылымдары (2003-2011 жылғы) бар кітапхана бар. Оқу залында 40 оқушыға арналған орын бар. Электронды кітапханамен жұмыс істеуге арналған 10 компьютер бар. Осы компьютерлер оқушыларға электронды түрде колледж мұғалімдерінің әдістемелік құралдарын, электронды кітаптарды қолдануға мүмкіндік береді.
10) Қала кітапханаларымен қалай әріптестік жүргізіледі?
Колледж қала кітапханаларымен әріптестікті интернет торы арқылы оқушыларға қызмет көрсету арқылы жүргізеді. Ғылыми-техникалық кітапханамен біздің оқушыларға тегін қызмет көрсетуге келісім шарт жасалған.
11. Колледждің оқытушылар құрамы қандай?
Қазіргі заманғы талаптарға сай оқушыларды жоғары білімді деңгейлері бар ұжым оқытып дайындайды.
12. Интерактивті құрылғылар қалай қолданылады?
Колледж оқытушылары сабақтарынада өздері жасаған виртуальді зертханаларды, интернетті, электронды оқулықтарды, интерактивті, көрнекі құралдарды, Web-технологияларды, қолданады. Колледжда оқу құралдарына, процесіне тікелей байланысты терминалды түрде портал жұмыс істейді. Нақты айтқанда сабақ жоспары, мұғалімдердің жұмыс уақыты, пәндер бойынша бағалар, семестрлік және экзаменнің бағалары және оқушының оқу процесіне байланысты материалдар.
13. Колледжда дистанционды оқу бар ма?
Сырттай оқу бөлімінің оқушыларына колледждің арнайы сайты арқылы тапсырмалар беріледі. Дистанционды технологияны қолдану оқу қызметінде оқушының жұмыс істеуіне және тұру орнына байланысты максималды түрде қолайлы.
14. Колледждің әлеуметтік әріптестіктері қалай?
Әлеуметтік әріптестікті дамыту бағдарламасына байланысты колледж оқушылары өндірістік тәжірибеге қаламыздың, облсымыздың кәсіпорындарына жіберіледі. Оқу аяқталғанан кейін осы кәсіпорындар оқушыларымызды жұмысқа алып қалуы мүмкін. Облысымыздың және қаламыздың жұмыспен қамту қызметтерімен жұмыс жасалады.