Мамандық: 0510000 Қолдану саласы және аясы бойынша іс жүргізу және мұрағаттану
Біліктілік: іс жүргізуші және архивші
Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде 1 жыл 10 ай
Профильдік пән: Қазақ тілі немесе орыс тілі
Жалпы негіз білім негізінде 2 жыл 10 ай
Профильдік пән: оқыту тілі бойынша әдебиет
Маманның болашақ жұмысының негiзгi салалары
Iс жүргiзу және мұрағаттану саласындағы маман құжаттармен қамтамасыз ету басқармалары (ҚҚБ) қызметiнде жұмыс iстеу үшiн дайындалады.Ол облыстық және республикалық дәрежедегi муниципиалды органдарда, мемлекеттiк, ұйымдық,коммерциялық кәсiпорындарда ақпаратты құжаттармен қамтамасыз ету бойынша қызметте (кадрлар бөлiмiнiң меңгерушiсi,кеңсе бастығы және т.б.) жұмыс iстей алады. Мемлекеттiк, орыс тiлдерiнде iс жүргiзе алады.
Мамандарды дайындау жоспары
Бұл мамандық бойынша мамандарды дайындау арнайы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарты негiзiнде жасалған оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы гуманитарлық және әлеуметтiк-экономикалық пәндер:
Қазақстан тарихы, мәдниеттану, философия, экономика, саясаттану, әлеуметтану, қґқық, өмiр қауiпсiздiгi негiздерi,шетел тiлi.
Арнайы пәндер: iс жүргiзудi ұйымдастыру,басқаруды ақпаратты қамтамасыз ету,азаматтық және еңбек құқығы,нарықтық экономика және өндiрiстi басқару,iскерлiк тiлдiң стилистикасы мен құжаттарды редакциялау,мұрағаттану және машинамен жазу, қазіргі ағылшын және американ жазбаша әдебі.
Оқыту кезiнде студенттер тәжірибенің 3 түрін өтеді. Олар: оқу, технологиялық және диплом алдындағы тәжiрибе.