DALES – колледждің виртуалды жүйесі.

Бірегей білімдік ақпараттық жүйені еңдіру мамандарды даярлаудың сапасын жоғарлату факторларының бірі болып табылады. DALES жүйесі электрондық кітапхананың, компьютерлік сыныптардың, әкімшіліктің компьютерлерін біріктіретін колледждің сервері және жалпы жергілікті желі негізінде жұмыс жасайды. Жүйе барлық бағыттар бойынша көп көлемдегі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқу бөлімі үшін – бұл оқу жоспарлары, оқушылар жайлы мәліметтер, сабақ кестесі, оқытушылардың сабақ кестесі, олардың сағаттық жүктемесі, аттестаттау, сынақ және емтихандық тізімдер бөлімдері. Топ жетекшісі үшін – бұл оның тобына қатысты бөлімдер: оқушылар тізімі, оқушы және оның ата-анасы туралы жеке мәліметтер, топтың және жеке оқушының оқу үлгерімі, емтихандық сессияға жіберу, тәжірибеден өту орындары және т.б. Оқушылар үшін – бұл пәндер бойынша электрондық құралдар, емтихандық сессияға жіберу, барлық пәндер бойынша семестр бойы қойылған бағалар, сабақ кестесі бөлімдері. Сонымен қатар ата-аналар үшін – бұл өз баласының оқу үлгерімін қадағалап отыру мүмкіндігі, сынақтарды, емтихандарды тапсыру, сабақ кестесі, пәндерді жүргізетін оқытушылар және олардың сабақ кестесі туралы мәліметтер бөлімдері.

DALES әртүрлі статистикалық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді: оқушылардың жалпы саны, колледж бойынша, бөлім бойынша, мамандық бойынша, топ бойынша үлгерімнің орташа баллы, шеттен келген оқушылар саны және олардың аудан бойынша жалпы саны.

Болашақта Интернет арқылы DALES жүйесіне шығуға мүмкіндік алу жоспарланып отыр, ол ата-аналарға, оқушылар мен педагогтарға үйден шықпай-ақ өзінің компьютерінен қажетті ақпаратты қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Виртуалды колледж жүйесі DALES