Мамандық: 0402000 Дизайн
Біліктілік: Дизайнер
Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде 2 жыл 10 ай
Жалпы негіз білім негізінде 3 жыл 10 ай
Профильдік пән: 2 шығармашылық емтихан
Маманның болашақ жұмысының негізгі салалары:
«Дизайн интерьер» мамандығы бойынша бiлiм алған тұлғалар меншiктiң барлық түрiндегi жоба-құрылыс ұйымдарында, жиһаз, шырақ, өңдеу материалдарын жасайтын өндiрiсте жұмыс iстей алады, сонымен қатар, дизайнер жарнама және баспа бизнесiнде, оқу орындарында арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс iстей алады.
Мамандарды дайындау жоспары
Бұл мамандық бойынша мамандарды дайындау барлық орта арнайы бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарты негiзiнде жасалған оқу жоспары бойынша келесі циклдар арқылы жүзеге асырылады:
1. Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер;Мамандарды кәсіби дайындаудың негізгі бағыттары.
Жалпы кәсіби циклдағы пәндердің есебінде кәсіби дайындық іске асырылады: академиялық сурет, академиялық бейнелеу өнері, дизайн негіздері, дизайн тарихы, дизайнның компьютермен қамтамасыз етуі, шеберлік оқытылады.
Арнай пәндер цикліне композиция, дизайн интерьері, гүлтану енеді.
Мамандану пәндеріне материалтану, жарық және акустика, жарнаманың теория мен тәжірибесі енеді.
Оқыту бағдарламасына курстық жұмыстар мен жеке тапсырмалар бойынша жобалар кiредi, бұлармен жұмыс iстеу маманның шығармашылық мүмкiндiктерiн дамытады, қазiргi заман талабына сай жобалар жасауға үйретедi.