Мамандық: 0518000 Есеп және аудит
Біліктілік: Қаржы- шаруашылық қызметін есепке алу бойынша экономист; бухгалтер- ревизор

Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде 1 жыл 10 ай
Жалпы негіз білім негізінде 2 жыл 10 ай
Профильдік пән: Математика

Маманның болашақ жұмысының негiзгi салалары

Маман өндiрiстерде,кәсiпорындар мен халық шаруашылығы ұйымдарында, есептiк-экономикалық,бақылау-ревизиялық және аналитикалық қызмет бухгалтер-экономист лауазымына, ірі және орта кәсіпорындардың бас есепшісі немесе орынбасары қызметіне дайындалады. Маман кәсіпорынның әр түрлі жекеменшік формалары мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне экономикалық жоспар дайындау қызметі үшін дайындалады.

Мамандарды кәсiби дайындаудың негiзгi бағыттары

Жалпы кәсiби пәндер циклiнде негiзгi экономкалық пәндер оқытылады: iскерлiк қарым-қатынастар әдебi, iс жүргiзу және машинамен жазу,экономикалық информатика және есептеу техникасы. Өндiрiстiк электронды есептеу машиналарында жұмыс iстеу дағдылары оларды тәжiрибеде қолдануға мүмкiндiк бередi.
Арнайы пәндер циклiнде: сауда статистикасы, салық және салық салу, маркетинг негiздерi, микроэкономика, макро-экономика, қаржы және несие, бухгалтерлiк есеп теориясы және т.б. оқытылады. Оқу кезiнде студенттер оқу және диплом алдындағы тәжiрибеден өтедi.
Колледждi бiтiрерде студенттер мемлекеттiк емтихандар тапсырады.