Мамандық: 0516000 Қаржы (салалары бойынша)
Біліктілік: Қаржы жұмысы бойынша экономист
Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде 1 жыл 10 ай
Жалпы негіз білім негізінде 2 жыл 10 ай
Профильдік пән: математика
Маманның болашақ жұмысының негізгі салалары:
Ұлттық банктер мен олардың бөлімшелерінің, коммерциялық банктердің, биржалардың, аудиторлық қызметтердің жүйелері, маманданған қаржылық мекеке.
Мамандырды даярлау жоспары:
Бұл мамандық бойынша мамандарды дайындау арнайы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарты негiзiнде жасалған оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Мамандарды кәсiби дайындаудың негiзгi бағыттары:
Мамандарды кәсiби дайындау ең алдымен кәсiби және арнайы пәндер циклдерi арқылы жүзеге асырылады. Жалпы кәсiби пәндер циклiнде мына пәндер оқылады: бухгалтерлiк есептiң экономикалық теориясы, маркетинг, менеджмент, iс жүргiзу негiздерi,банк iсi. Компьютерлiк пәндер циклiн оқытуға айрықша көңiл бөлiнедi. Есептеудiң ақпараттық жүйесi, электронды бухгалтерлiк есеп, экономикалық информатика және әр түрлi салалардағы өндiрiстерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу бойынша бағдарламалар оқытылады. өндiрiстiк электронды есептеу машиналарында жұмыс iстеу дағдылары оларды тәжiрибеде қолдануға мүмкiндiк бередi. Оқу бітірушілерді экономист-қаржыгер жұмысы негізінде 3 циклдік арнайы пәндер салық салу, бухгалтерлiк есеп, бюджет жүйесi, экономикалық ақпаратты автоматты өңдеу пәндерi оқытылады. 2 курста студенттер кәсiпорындарда өндiрiстiк тәжiрибеден өтедi.Оқу кезiнде студенттер 2 курстық жұмыс орындайды.