Колледждің педагогикалық ұжымы жұмыс істейтін әдістемелік проблема: «Заманауи мамандарды даярлауда инновациялық білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру».
Әдістемелік қызметтің мақсаты: педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру мекемесінің түлектеріне кәсіби білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзара байланысты шараларды жүйелеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1.Пәндік бағыт бойынша электрондық зертхана базасын жаңарту және толықтыру.
2. Колледж студенттерінің облыстық және республикалық конкурстарға қатысуы.
3. Колледж студенттерінің интернет-олимпиадаларға қатысуы.
4. Колледж бөлімшелерінің рейтингі.
5. Қала және облыс мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері үшін онлайн олимпиада өткізу.
6. Мамандықтар бағыттары бойынша ҚР және РФ колледждерімен ынтымақтастық.
7. Мектеп оқушылары үшін графикалық дизайн бойынша "Junior skills" өңірлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу.
Қойылған міндеттерді орындаудан басқа негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- Білім Министрлігінің және білім беруді басқарудың басқа да органдарының нормативтік және бағдарламалық-әдістемелік құжаттарын зерделеу және қолдану;
- оқытушылар мен пәндік циклдік комиссиялардың жұмысы үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы жасау (оқытушылардың цикл пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі);
- оқу процесінде интерактивті жабдықтар мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
- жас педагогтармен жұмысты ұйымдастыру (тәлімгерлік);
- оқытушылардың біліктілігін арттыру;
- оқытушыларды аттестаттау.
Колледждегі әдістемелік жұмыс жыл басында бекітілген жоспар бойынша, әдістемелік жұмысты
ң негізгі бағыттары мен тақырыбына сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемелік Кеңес пен циклдік әдістемелік комиссиялардың қызметі ұйым басшысы бекіткен тиісінше "СҚУ колледжінің әдістемелік кеңесі туралы Ережемен" және "СҚУ колледжінің циклдік әдістемелік комиссиясы туралы Ережемен" регламенттеледі. Колледжде екі циклдік әдістемелік комиссия құрылды және жұмыс істейді.
Әдістемелік қызметтің құрылымы
Әдістемелік қызмет жұмысының бағыттары
Оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары, қайта даярлау, тағылымдамадан өту