Талапкерлерді құттықтаймыз!

30 маусым мен 1 шілде күндері СҚУ колледж талапкерлеріне Дипломдар берілді. СҚУ колледжінің директоры Мүсірепов С.Б. жақсы тілек тілеп сөз сөйледі. Колледж әкімшілігі мен оқытушыларына құттықтау сөзбен оқу бітірушілердің ата-аналары сөз сөйледі. Сонымен қатар дипломдарды беру кезінде талапкерлерге оқу үрдісінде колледж өміріне белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздары берілді. Ата-аналар мен талапкерлерге шағын концерт көрсетілді.
Барлық оқу бітірушілерді Диплом алуларымен құттықтаймыз! СҚУ колледжі ұжымы барлық талапкерлерге 2014 жылы өмірде өз орындарын таба білуге, жоғары білім алуға, жақсы жұмысқа орналасуға, ата-аналарына денсаулық және ашық аспан тілейді!

Біздің сайт үздік!

2014 жылы мамырда Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту бойынша Басқарма мен облыс әкімінің аппаратты электорондық мемлекетік қызмет бөлімі 22 пункт іс шара жоспарын қолдану мақсатында 2014-2020 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы бойынша тілдерін жүйелеу мен Мемлекеттік дамыту бағдарламасы мен 2011-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының тілдерін жүйелеу мен мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет- ресурс» атты облыстық конкурс бойынша өткізілді. Сайт конкурсының қорытындысы бойыншабіздің колледж «Колледждің үздік сайты» атты номинацияда Диплом алды.

Кітапханашылардың ӘБ

6 маусымда колледжде облыс колледждерінің кітапханашыларының Облыстық әдістемелік бірлестігі өтті. Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Инновациялық кітапханалық- ақпараттық технологиялар- кітапханашылар қызметінің жаңа сапалық кәсіби білімі» Келесі баяндамалар тыңдалды:
1. С.Мұратбекұлының прозасындағы ұлттық мәденит архитиптері-доцент, СҚМУ орыс тілі мен әдебиеті институтының ф.ғ.к. Агибаева Сабина Советқызы.
2. Кітапханашылардың әлеуметтік және кәсіби қорғау мәселесі – заң пәнінің штаттан тыс оқытушысы, азаматтық іс бойынша тәжірибе адамы, тәжірибе өтіп жүрген заңгер Туренова Қымбат Аманбайқызы.
3. Заман өзгереді – бізде өзгереміз (оқу кітапханаларындағы инновациялық идея) - Уалиханов ауылшаруашылық колледжінің кітапханашылар орынбасары Қойшыбаева Қарлыға Жұмаханқызы.
4. Жас кітапханашылар мектебі- Гуманитарлы- техникалық колледжінің кітапханашы орынбасары Белозерова Любовь Николаевна.
СҚУ колледжінде Сайын Мұратбекұлына арналған «Шындық пен адамгершіліктің бұлағы» атты шығармашылық іс шара дайындалған болатын. Тыңдаушыларға Сайын Мұратбекұлының өмірі, кітаптары мен шығармашылығы туралы айтылды. «Любимая» филімінен үзінді көрсетілді. Оның шығармаларынан үзінділер оқылды.
Кітапханашылардың өзекті мәселені талқылауда кәсіби - техникалық оқу мекемелерінен қатысқандар: Гордеева Наталья Михайловна - ақпараттық технологиялар мен әдістемелік жұмыс орталығының әдіскері, Аблина Құралай Мырзағалиқызы - «Өрлеу» әдіскері, Моисеева Елена Викторовна - Теміржол колледжінің кітапхана орынбасары, Дектярева Ирина Альбертовна - кітапханашылар бірлестігінің облыс әдістемелігінің жетекшісі.

Құттықтаймыз!

27-28 мамыр күндері Гуманитарлық-Техникалық колледжде «Брейн ринг» интеллектуалды турнир өтті. Біздің колледжді «Алтын құрама» командасы таныстырды. Бұл команда құрамы: Мадиев Ғазиз – команда копитаны, Бородина Анна және Жангужин Исабек. Команда жетекшісі колледж оқытушысы Баймағамбетов Азамат Аманжолұлы. 2 күрделі айналымды өтіп, біздің команда алға озды. Үлкен Алтын Кубокты алып, 1 орынға ие болды.СҚУ колледж ұжымы біздің «Алтын құрама» командасын құттықтап, оқуда және еңбекте тек жетістік тілейді!

Құттықтаймыз!

22-23 мамыр күндері колледж студенттері арасында «Жас зияткер» атты 1 Республикалық дистанционды олимпиаданың кезекті кезеңі өтті. Бұл кезеңдерде экономика және заң пәндері бойынша сайыстар өтті. Біздің колледж атынан мына оқушылар қатысты: Приколотова И.О., Бородина А.А.,Волохова Д.А., Есенгулова А.С., Мадиев Г.К., Малюкова Д.А., Мухаметкалиева М.Е., Петрова О.А. Жетекшілерден колледж мұғалімдері: Әбдрахманова Ботагөз Бағдатқызы, Баймағамбетов Азамат Аманжолұлы, Галямова Татьяна Валерьевна, Нұрқанова Роза Кенесқызы, Омарова Айнұр Жұмабекқызы, Туренова Кымбат Аманбайқызы, Тюрин Алексей Анатольевич, Шамшиева Ботагөз Темірболатқызы болды. Орындалған олимпиадалық тапсырмалардың нәтижесінде біздің оқушылар тиесілі дипломдарды алып, 1,2 және 3 орындарға ие болды. СҚУ колледж ұжымы оларды алған марапаттарымен құттықтап, оқуда және еңбекте табыс тілейді!

Асановтан келген қонақтар

20 мамырда СҚУ колледжіне Асанов орта мектебінен оқушылар келді. Колледжге 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Брайчун Лариса Петровна келді. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары балаларға СҚУ колледжі туралы, мамандықтар туралы айтып беріп, буклеттер таратты. Колледж мамандықтары туралы, тәжірибе базасы туралы, колледждің әлеуметтік серіктестігі туралы, Dales жүйесі, түрлі көрмелерге, сайыстарға қатысу туралы, колледждің спорттық өмірі туралы, колледж туралы ролик көрсетілген болатын. Содан кейін колледж кабинеттеріне экскурсия жүргізілді.

Жасыл ғаламшар-2014

15 мамырда Боголюб ауылында «Жасыл ғаламшар-2014» облыстық экономикалық форум өтті. Біздің колледж атынан «ЭКОФЛОРА» тобы қатысты. 1 курс оқушылары ПР-9-13-1 тобынан 7 адам және жетекші- оқытушы Валеева Динара Амантайқызы «Орман жедел жәрдемі», «Жақсы от жағушы», «Кім тез ақшатыр орнатады», «Менің туған өлкем- аққайың өлкесі», «Таза табиғат», «Достар, ән айтайық» және т.б. байқауына қатысты. Форум нәтижесі бойынша біздің топ «Жақсы шапшаң құтқаратын клуб» номинациясында сертификат алды. Экологиялық форум қорытындысында барлық қатысушылар Достық саяжолына көшеттер отырғызды.

Құттықтаймыз!

24 сәуірден «Жас зияткер» 1 Республикалық дистанциондық олимпиада өтіліп жатыр. Бірінші кезеңде экология бойынша байқаулар өтті. Біздің колледж атынан колледж оқытушысы Валеева Динара Амантайқызының жетекшілігімен 2 оқушы Волохова Дарья мен Ишмаев Геннадий қатысты. Олимпиада турының тест тапсырмаларының қорытындысы бойынша біздің оқушылар 3 дәрежелі диплом алды. СҚУ колледж ұжымы оларға алдағы уақытта оқуда және еңбекте жетістік тілейді!

Құттықтаймыз!

СҚУ колледжінің ұжымы өздерінің оқушыларын, оқытушылары мен әріптестерін Отан Қорғаушылар Күні мен 9 мамыр - Ұлы Отан Соғысының Жеңіс Күнімен құттықтайды. Барлықтарыңызға мықты денсаулық және ашық аспан тілейді.

Құттықтаймыз!

Колледждің акт залында 6 мамыр күні Отан Қорғаушылар Күні мен 9 мамыр -Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне арналған салтанатты мереке өтті. Бұл мереке қонағы болып Ұлы Отан Соғысының ардагері- Башкиров Степан Федорович шақырылды. Ол колледж оқытушылары мен оқушыларына Ұлы Отан Соғысы кезіндегі өз ерліктері мен кейінгі бейбіт уақытындағы еңбек қызметі туралы айтты. Степан Федорович өзінің бірінші шайқасы туралы , өз марапаттары туралы , өз отбасы туралы айттып берді. Өзінің оқушыларға үндеуінде Степан Федорович салауатты өмір салтын жүргізуін, спортпен айналысуын, қойған мақсатқа жете білуін және өз Отанының патриоты болуын тіледі. Мерекелік концертте соғыс жылдарындағы әндер орындалып, соғыс туралы өлеңдер оқылды.

Құттықтаймыз!

25 сәуірде балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Облыс орталығында «Жасөспірімдер шығармашылығы-2014» атты Облыстық техникалық шығарма көрмесі өтті. Бұнда біздің оқушылар арнай пән оқытушыларының жетекшілігімен өздерінің жобаларымен қатысты. Өз жұмыстарын облыс пен қала мектептерінің командылары мен колледж командылары таныстырды. Колледж оқушылары әр түрлі бөлімдер бойынша өз жобаларын көрсетті және жүлделі орындарға ие болды:
«Дизайн» мамандығы, ДИЗ-9-11-1 тобының оқушылары Абаев Аян Арманұлы мен Құсаинова Алмагүл Амантайқызы (жетекші Нұртазина Айнагүл Болатқызы)- «Бізді таңқалдыр» бейнелеу жобасында 1 орынды алды.
«Дизайн» мамандығы, ДИЗ-9-11-2 тобының оқушылары Нурабиль Сакинов пен Назым Бибасанова (жетекші Салханова Жанар Рахатқызы)- Бейнелеу жобасының «Бізді таңқалдыр» бөлімінде 2 орынға ие болды.
«Дизайн» мамандығы, ДИЗ-9-11-1 тобының оқушалары Юлия Сакиро мен Ксения Новинкина (жетекші Коморова Екатерина Вячеславна )- Бейнелеу жобасының «Бізді таңқалдыр» бөлімінде 3 орынға ие болды.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы, ИС-9-12-1 тобының студенттері Жуков Роман мен Телегенов Саматтың (жетекшісі Шевченко Сергей Леонидович)- «Жұмыс техник пен ақпараттық технологиялар» бөлімінде 2 орынға ие болды.
Біздің оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін жүлделі орындарға ие болғандығымен құттықтаймыз! Оқу мен жұмыста жетістіктер тілейміз!

Сенбілікке қатысушыларды қарсы аламыз.

12 сәуір күні Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 69- жылдығына орай СҚУ колледжінде сенбілік өтті. Ағаштар ақталынып, колледж территориясы жиналды. Сенбілікке 70 жуык оқушылар мен оқытушылар қатысты.

Құттықтаймыз!

8-10 сәуірде «Корме» Астана көрме орталығы «WORLDDIDAC ASTANA 2014» кәсіби дайындығы мен білім үшін ІІІ халықаралық технологиялық көрме өтті. Шақырылған қонақтардың негізінде СҚУ колледжінен біздің оқушымыз Абаев Аян өзінің «Болашақ үйлер» атты жобасымен қатысты. Жобаның жетекшісі СҚУ колледжінің оқытушысы Нұртазина Айнагүл Болатқызы. Бұл көрмеден басқа Аян және оның жетекшісі Нұртазина А.Б. «Білім мен кәсіби дайындық үшін жаңа технологиялар» мен «Қуат жинақтаушы технологиялар» атты семинарияларынан өтті. Біздің өкілдеріміз көрмеге қатысу Сертификаттары мен семинарды өткендіктерімен құттықтаймыз. Көрмеге әлемнің 25 елінен 200 жуық серіктестіктер өз өнімдерін таныстырды. Көрмеге әр түрлі білім саласында жұмыс істейтіндер, 7 мыңнан жоғары мамандар келді.

Облыстық форумға қатысушыларды қарсы аламыз.

7 сәуірде СҚУ колледжінде «Мамандық. Еңбек. Болашақ» атты облыстық форум өтті. Форумға Озерная орта мектебі мен Бескөл мектеп гимназиясынан оқушылар шақырылды. Бастау сөзбен СҚУ колледжінің директоры Мүсірепов Сәткен Баймырзаұлы сөз сөйледі. Ол колледждің қалыптасуы мен дамуы туралы айтты. Директор орынбасары оқу ісін меңгерушісі Бейсенова Гүлмира Машкенқызы форум қонақтарына оқу жүйесі туралы айтты. Форум қонақтарының алдында колледж бөлімшесі құрылымының жетекшілері сөз сөйледі. Олар Нұрқанова Р.К.-әдіскер, Джамбаева А.С.-оқу тәжірибе жетекшісі, Валеева Д.А.-арнайы пәндер мен дизайн бөлімінің меңгерушісі, Байжұманова А.С.-заң бөлімінің меңгерушісі, Әбдірахманова Б.Б.- экономика бөлімінің меңгерушісі. Содан кейін әлеуметтік серіктестіктер мен түлектер сөз сөйледі: Петропавл қаласының жеке құрам бойынша мұрағат директоры –Муслимова Б.К.; Царева Е.В.-көркемөнер лицейінің оқу ісін меңгерушісі; Петропавл қаласының жаңа технологияларының аймақаралық орталығының маманы; Баймағамбетов А.А. - «Қаржы» мамандығының түлегі, магистр, СҚУ колледжінің оқытушысы; Афанасьева Л.С.- «Құқықтану» мамандығының түлегі, сотында іс жүргізуші.Білім департаментінің өкілі Гордеева Н.М. болды. Содан кейін форум қонақтары колледж бойвнша экскурсияға шақырылып, арнайы пән іс бөлмелерін қарап шықты. Шығарда оларды оқушылардың дайындаған тосын сый флэш-моб болды.

Құттықтаймыз!

2014 жылдың 20қаңтарынан 28ақпанынан Астана қаласының білім және даму орталығының ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында 1-Республикалық конкурс өтті. Бұған Қазақстанның барлық жерінен командылар қатысты. Әрбір қатысушы өзінің презентациясын, видиоролигін, эссесін таныстырды. Сайыстың мақсаты: болашақ мамандығының жүргізілуін ашу. Біздің колледж атынан 3оқушы қатысты. Олар жүлделі орындарға ие болды: Гусельникова Алена и Лосев Дмитрий (жетекші Байбусинова Дина Арыстанқызы)-2 орын және Оспанова Асылжан Серикбайқызы (жетекші Мұхамадиева Ләззат Балапанқызы)-3 орын, сол үшін диплом алды. Біздің оқушылар мен олардың жетекшілерін алған жүлделерімен құттықтаймыз! Болашақта жұмыста және оқуда жетістіктер тілейміз!

Облыстық конференцияларға қатысушыларды қарсы аламыз.

28 наурызда біздің колледжде « қазіргі жағдайда кәсіби және техникалық біліммен оқу бітірушілерін жұмысқа орналастыру және жеке тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесу» атты облыстық конференция өтті. Бұнда қатысқандар:
Киселёв Игорь Алексеевич-Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысының орынбасары.
Хусаинова Алма Мухаметкалиевна –Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының кәсіби білім мен кадрларды дайындау бөлімінің бастығы.
Тобулбаева Зауреш Тойшибекқызы- Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының кәсіби білім мен кадрларды дайындау бөлімінің басты маманы.
Курманкина Назира Сапаровна – Солтүстік Қазақстан облысының бойынша «»
Есенбаева Дана Жаксымбековна – қаланың жұмыспен қамтамас орталығының жастар тәжірибесінің инспекторы,
Цупко Светлана Николаевна – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорын Палатасының маманы,
Поротиков Евгений Александрович- Қызылжар агро-техникалық колледжінің оқу- өнімдік тәжірибе бойынша директордың орынбасары,
Нурышева Бахыт Салимовна- М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің оқу тәжірибесі бойынша директордың орынбасары және т.б.
Конференция мақсаты: білім алудағы жоғары уәждеме жетістік пен жұмыс берушінің талаптарына сай жауап беретін оқу бітірушілерін жоғары пайызда жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіби білімнің абыройын жоғарлату мен жастардың болашаққа сенімді болуы болып табылады.

Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

СҚУ колледжінің ұжымы барлықтарыңызды Наурыз мейрамымен құттықтайды! Сіздерге көктемнің көңіл күйін, ашық аспан, мықты денсаулық, махаббат, сыйластық және бұл әлемдегі барлық жақсылықтарды тілеймін!

«Алтын құрама» командасын құттықтаймыз!

14 наурызда Көкшетау қаласында колледж оқушылары арасында экономика бойынша аймақтық олимпиада өтті. Олимпиада «Көкше» академиясында өтті. Бұнда 6 оқушыдан тұратын «Алтын құрама» командасы Әбдірахманова Ботагөз Бағдатқызының жетекшілігімен қатысты. Біздің команда 1 орынға ие болды және 1 дәрежелі Диплом алды. Жетекшіге олимпиада ұйымдастырушылары команданың кәсіби және ұйымдық дайындығы мен олимпиадада белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат берді! Біздің команда мен олардың жетекшілерін олимпиадада үздік қатысқандарымен құттықтаймыз! Келешекте шығармашылық табыс тілейміз!

8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

СҚУ колледж ұжымы 8 НАУРЫЗ мейрамымен әйелдер қауымын құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, түсіністік, бұл әлемде барша жақсылық пен сәттілікті тілейміз!

8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

7 наурызда колледжде 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік концерт барша әйелдер қауымына арналды. Колледж оқушылары мен оқытушылары көктем, махаббат және достық туралы әндер орындады.

Құттықтаймыз!

11 ақпан 201 жылы қолөнер бойынша Облыстық көрме өтті. Бұған колледждің «Дизайн»мамандығының арнайы пән оқытушылары мен оқушылар ұжымы өз жұмыстарымен белсене қатысты. Оқушы Бабасанова Назым мен Сакунц Фируза,Салханова Жанар Рахатқызының жетекшілігімен 1 орынға ие болды. Сонымен қатар жетекші ретінде көрмеге қатысқан оқытушылар Комарова Екатерина Вячеславовна мен Нұртазина Айнагүл Болатқызы грамотолармен марапатталды. СҚУ колледж ұжымы өздерінің оқытушылары мен оқушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтайды. Оларға келешекте еңбек пен оқуда сәттілік тілейміз!

Құттықтаймыз!

2014 жылдың 23-24 қаңтарда ағылшын тілінен өтілген интернет олимпиада үздік нәтиже көрсеткені үшін оқытушы Карабельникова Анастасия Ивановнаны құттықтаймыз! Еңбекте табыс тілейміз!

Құттықтаймыз!

2013 жылдың желтоқсаны мен 2014 жылдың ақпанында Қазақстан мектептері мен колледждер арасында орыс тілі мен әдебиетінен интернет олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға колледж оқытушысы Киреева Елена Васильевна мен оның оқушылары Виктория Перчик, Валерия Молоткова, Геннадий Ишманов, Айгерим Ахметова белсене қатысты. Өздерінің номинациялары бойынша 1 және 2 орындарға ие болды. СҚУ колледж ұжымы өздерінің оқытушылары мен оқушыларының жоғары жетістіктерімен құттықтайды. Келекшекте еңбек пен оқуда сәттілік тілейміз!


Құттықтаймыз!

25 желтоқсан 2013 жылы колледж студенттерінің арасында «Мастерство и вдохновение» облыстық жастар фестиваль-конкурсының бірінші кезеңі өтті. Біздің колледж атынан колледж оқушыларының формасы ретінде ер мен әйелдің костюмдері көрсетілді. «Дизайн» мамандығының оқушысы Петрова Александра өзінің моделін ұсынды, ал модель ретінде Мадиев Ғазиз бен Данилина Валерия қатысты. Біздің моделдерімізді 2 кезеңге өткендіктерімен құттықтаймыз! Екінші кезеңде оларға сәттілік тілейміз!

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

14 желтоқсанда колледждің акт залында Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте орыс тілі мен қазақ тілінде әндер орындалып, өлеңдер оқылды. Колледж оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Астана қаласы туралы ролик қарады.

Құттықтаймыз!

10 желтоқсанда М.Жұмабаев атындағы Петорпавл гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Елбасшысының «Қазақстан Стратегиясы-2050 » Жолдауы бойынша оқушылардың Облыстық конференциясы өтті. Біздің колледж атынан 4 оқушы колледж оқытушыларының жетекшілігімен қатысты. Біздің екі оқушы жүлделі орын алды: Молоткова Валерия - 1 орын (жетекшілер Киреева Елена Васильевна мен Карабельникова Анастасия Ивановна),Гусельникова Алена – 3 орын (жетекші Байбусинова Динара Арыстановна). Мадиев Газиз мен Тюгинбаева Айгерим (жетекшілер Тюрин Алексей Анатольевич мен Шамшиева Ботагоз Темиржановна) – сертификаттар алды. Оқушылар мен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Келешекте шығармашылық пен еңбекте сәттілік тілейміз!

Елбасы күнімен!

1 желтоқсанда СҚУ колледжінің педагогтары бақса азаматтар сияқты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбілұлы Назарбаевқа арналған мерекелік концертке қала орталығы алаңына шықты. Мерекелік концертте бірнеше тілде әндер орындалды. Мереке көңілді және қызықты болды.

Страницы [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7]